Израильдік шенеунік: Иран президентінің қазасына Тель-Авивтің қатысы жоқ

Иран президенті мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Sarbaz.kz редакторы
20/05/2024 - 15:16

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Израильдік шенеунік Reuters агенттігіне берген пікірінде Иран президенті Ибрахим Раисидің өліміне Тель-Авивтің қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Раисидің өліміне Израильдің қатысы жоқ», - деп агенттік аталмыш шенеуніктің аты-жөнін жасырын қалдырды.

Тікұшақ апаты 19 мамырда болды. Бортта Раисиден бөлек өзге де мемлекеттік қызметкерлер, атап айтқанда, сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан болды.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91