Ибрахим Раиси 1960 жылдары жасалған Bell 212 тікұшағымен ұшқан
Иран президенті апатқа ұшыраған тікұшақ ұшуға жарамсыз болатын. Бұл туралы Bild басылымының сарапшысы Джулиан Рёпке жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Сарапшының өзі әуесқой ұшқыш ретінде шағын ұшақтарды басқаратынын тілге тиек етті.
Оның айтуынша, Ибрахим Раиси 1990 жылдары жасалған америкалық Bell 212 тікұшағымен ұшқан. Мұндай әуе көліктері сонау 1960 жылдары жасалған. Әуе кемесі күрделі ауа райында ұшуға жарамсыз болатын. Ал бұл экипаж бен жолаушылар үшін «өзін-өзі өлтіру» тең болды.
«Егер есептер дұрыс болса, Раиси Bell 212 ұшағын визуалды ұшу ережелеріне сәйкес келмейтін ауа райы жағдайында ұшқан. Бұл суицидке тең әрекет. Тікұшақ күрделі ауа райы жағдайында ұшуға жарамсыз. Тікұшақты бастапқыда Иранның әуе күштері пайдаланған, бірақ кейінірек оған «азаматтық» көрініс беру үшін қайта боялған», - дейді Джулиан Рёпке.
Айта кетейік, Иран президенті Ибрахим Раиси Әзербайжаннан қайтып келе жатқанында апатқа ұшырап, қаза болды.
Оның қазасына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран халқына көңіл айтты.