Пентагон: Нигер – АҚШ үшін өте маңызды серіктес

Пентагон баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх мәлімдеме жасады

Нұрдәулет Кәкіш
18/08/2023 - 16:03

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі (Пентагон) баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх Нигердің АҚШ үшін өте маңызды серіктес екенін және ондағы базаларға жүздеген миллион долларлық инвестиция салынғанын айтып, мұның әскери көтеріліспен аяқталғанын қаламайтындықтарын білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ға сілтеме жасап.

Сингх ұйымдастырған баспасөз жиынында Нигердегі жағдайды бағалау жалғасып жатқаны айтылды.
Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және үкіметтің басқа да сатыларының мұны бейбіт жолмен шешуге тырысқанына назар аударған Сингх:

«Нигер – біз үшін аймақтағы өте маңызды серіктес. Сондықтан бұл мәселені дипломатиялық жолмен шеше аламыз деп үміттенеміз», - деді.

Сонымен қатар ол АҚШ-тың аймақтағы активтері мен мүдделері бар екенін және олардың негізгі басымдылығы одақтастардың мүдделерін қорғау екенін атап өтті.

Нигердегі базаларға жүздеген миллион долларлық инвестиция салынғанын жеткізген Сингх АҚШ-тың ол елде бейбітшіл шешім көргісі келетінін және оған қол жеткізуге әлі де үміт бар екенін айтты.

АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының орынбасары Ведант Пател де АҚШ-тың Нигердегі жаңа елшісі Кэтлин Фицгиббонның бас қала Ниамейге баратынын жеткізді.

Пател Фицгиббонның кетуінің астарында АҚШ-тың ұстанымында өзгерістің жоқ екенін тілге тиек етті.
Естеріңізге салсақ, Нигердің президенті Мұхаммед Базум 26 шілде күні президенттік гвардия полкі тарапынан ұсталып, сол күні кешке армия билікті басып алғанын хабарлаған болатын.

Президенттік гвардия полкінің қолбасшысы генерал Абдуррахман Тчиани 28 шілде күні «CNSP» деп аталатын көтерілісшілердің басшылығын қабылдап, өтпелі үкіметтің басшысы болды.

Президент Базум 26 шілде күнінен бері өзінің жеке резиденциясында тұрады. Алайда Базумға телефон соғуға рұқсат берілуде.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43