Рим Папасы Украинада бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырды

Ол соғысты тезірек тоқтатуға шақырды

Sarbaz.kz редакторы
20/05/2024 - 14:28

Фото: РИА Новости / Илья Питалев

Фото: РИА Новости / Илья Питалев

Рим Папасы Франциск америкалық CBS телекомпаниясына берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Соғысты тоқтатыңыздар. Бейбіт келіссөздер жүргізудің жолын табуларыңыз керек. Бейбітшілікке ұмтылыңдар. Келісімге келген бейбітшілік тоқтаусыз соғыстан қашанда жақсы», - деді ол.

Оның бейбіт келіссөздер жүргізу туралы сөзіне ресейлік, украиналық ақпарат құралдары назар аударды.

Кремль бейбіт диалогқа дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген. Киев бұл мәлімдемелерді жалған деп санап, Швейцарияда маусым айының ортасында өтетін бейбіт конференцияға дайындалып жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4