Алматыда жер сілкінісі болды

ҚР ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды атады

Sarbaz.kz редакторы
20/05/2024 - 11:43

Фото: Vlast.kz

Фото: Vlast.kz

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 20 мамыр күні Алматы уақытымен 10 сағат 10 минутта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Sarbaz.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстіке қарай 380 км жерде)  орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): сезілетін Алматы қ. 2 балл

ҚР ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды атады:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен төмен түспеңіз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);

- көп қабатты үйлерде жер сілкісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Тегтер

×

Редакция

$ 480.55  533.75  5.36