Раиси мінген тікұшақта Иранның шенеуніктері болған
Ирандық құтқарушылар президент Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиан мінген тікұшақ апатынан ешкім аман қалған жоқ. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Раиси мен тікұшақта болғандардың барлығының өлімін, атап айтқанда, Иранның Мехр агенттігі мен аты аталмаған ирандық шенеунік Reuters агенттігімен сұхбатында растады.
Осыған дейін Иранның Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Пирхоссейн Коливанд мемлекеттік телеарнада құтқарушылардың апат болған орындв тіршілік белгілерін таппағанын айтқан.
Тікұшақта Иран президенті Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан, Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Тебриз провинциясының аятолласы Али Хашим болған.
Тікұшақ жексенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы тауларда Әзербайжан мен Түркиямен шекаралас жерде құлаған.
Раиси Шығыс Әзербайжан провинциясынан қайтып келе жатқанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен шекарадағы Аракс өзеніндегі бөгетті пайдалануға беру рәсіміне қатысты.