Германия Украинаға тағы 3,8 млрд еуро көмек бөлуі мүмкін

2024 жылы Германия үкіметі Украинаға әскери көмек көрсету үшін 7,1 млрд еуро бөлді

Sarbaz.kz редакторы
20/05/2024 - 09:18

Фото: bundestag.de

Фото: bundestag.de

Германияның қорғаныс министрлігі биыл Украинаға әскери көмек көрсету үшін үкіметтен қосымша 3,8 миллиард еуро сұрады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылы Германия үкіметі Украинаға әскери көмек көрсету үшін 7,1 миллиард еуро бөлді. Украина бұл қаражатты өнеркәсіптен тікелей әскери тауарлар сатып алу үшін пайдаланады. Қаражат сонымен қатар бундесвердің Украина армиясына қажетті қару-жарақтарының қайта тапсырысын қаржыландыруға жұмсалады.

Германияның қорғаныс министрлігі биыл Украинаға қосымша 3,8 миллиард еуро көмек беруді көздеп отыр. Басылым мәліметінше, қорғаныс министрі Борис Писториус өткен аптада канцлер және қаржы министрімен сөйлескен.  Нәтижесінде артық шығын маусым айында парламенттің бекітуіне ұсынылатыны айтылды.

Германияның қорғаныс министрлігі келесі жылдың бюджетіне Украинаға көмектесу үшін рекордтық сома – 15 миллиард еуро енгізді. Bild мәліметінше, Писториус Бундесвер үшін қосымша 6,7 миллиард еуро қажет екенін мәлімдеді.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04