СҚО-ға жұмылдырылған құтқарушылар жағдайдың тұрақталуына байланысты өз өңірлеріне оралды

Петропавл қаласында қалған су басқан 29 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғастырылуда

Аян Кайырбаев
19/05/2024 - 15:34

ТЖМ

ТЖМ

Өткен тәулікте 153 320 текше метр су сорылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

Өңірде су тасқыны жағдайы тұрақталуына байланысты Алматы қаласы, Абай, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарынан қосымша жұмылдырылған құтқарушылар тұрақты жұмыс орындарына кетті.

Өткен тәулікте  Атырау облысында су басқан аумақтардан 66 770 текше метр су сорылды, 10 200 қап төселді. Жайық өзенінің су деңгейіне  тәулік бойы мониторинг, Атырау қаласы мен Махамбет ауданында қосымша бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 2 900 қапшық пен 1 570 тонна инертті материал төселді.

Құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.Соңғы алты күн ішінде ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Тепличное, Ольшанка, Соколовка, Вишневка, Бесколь, Прибрежное ауылдарында 307 үйде, Атырау облысының Құлсары қаласында ауданы 165 мың шаршы метр аумақтарда дезинфекциялау жүргізді.

Республика бойынша эвакуацияланған 61 348 адам өз үйлеріне оралды. 5 460 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 22,4 млн артық еріген қар суы сорлып, 11 319 жеке тұрғын үй мен 3 593 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 7,9 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 6 086 адам, 945 техника, 344 су сору құралы және 63 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4