Қазақстан алғаш рет БҰҰ-ның қылмыстың алдын алу жөніндегі комиссиясына қосылды

Қазақстан Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ Комиссиясы құрамына қосылды

Аян Кайырбаев
19/05/2024 - 14:40

gov.kzк

gov.kzк

2024 жылдың 13-17 мамыр аралығында БҰҰ-ның Вена алаңшасында Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ комиссиясының (CCPCJ) 33-ші сессиясы өтуде, деп хабарлайды Sarbaz.kz СІМ-ге сілтеме жасап.

Қазақстан CCPCJ құрамына алғаш рет 2025-2027 жылдарға сайланып отыр және құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыстық сот төрелігі саласындағы жинақталған ұлттық тәжірибесімен бөлісу арқылы Комиссия жұмысына өзінің практикалық үлесін қосуға әзір.

Жалпы пікірсайыста Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді сессияға қатысушыларды Қазақстанның құқық қорғау органдарындағы соңғы реформалар, пенитенциарлық жүйенің дамуы және жаңашылдығымен халықаралық стандарттарға жақындатылуы, оның ішінде тұтқындардың санын азайту, жанжал аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту және қоғамға бейімдеу, сондай-ақ пробация есебінде тұрған адамдардың қайта қылмыс жасау деңгейін төмендету тәжірибесі жөнінде хабардар етті.

Қазақстандық делегация басшысы ұйымдасқан қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың, терроризмнің және қылмыстық әрекеттің басқа да түрлерінің алдын алу және оған қарсы күресте халықаралық қылмысқа қарсы ынтымақтастықты дамытудың айрықша маңыздылығын атап өтті.

Елші М. Тілеуберді БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) және донор елдердің жүктелген міндеттерді жүзеге асырудағы үлесін ерекше атай отырып, Қазақстанның БҰҰ ЕҚБ қызметін, оның ішінде Киберқылмысқа қарсы Жаһандық бағдарламасына ерікті жарналар аудару арқылы дәйекті қолдауын жалғастыратынына сендірді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91