СҚО-ның 7 тұрғыны су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқан

Полицейлер жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылатынын тағы да ескертті

Аян Кайырбаев
19/05/2024 - 10:24

Полиция солтүстікқазақстандықтарға жалған ақпарат таратқаны үшін жазаға тартылатынын тағы да ескертті. Жалған ақпарат жариялаған облыстың жеті тұрғыны қазірдің өзінде жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 сәуірде Instagram желісінде Сергеев су қоймасынан түсірілген видео тарады. Онда бөгет үстіндегі судың төрт метрге жеткені айтылған. 25 жастағы Петропавл тұрғыны ақпарат таратушы болды. Ол полицияға судың толып жатқаны туралы өтіп бара жатқандардан естігенін айтты.

Сондай-ақ 27 жастағы Петропавл тұрғыны да жауапқа тартылды. Ол өзінің дауыстық хабарламасында уақытша орналастыру орталығы орналасқан мектеп мұғалімдерінің гуманитарлық көмекті ұрлап жатқанын айтқан. Ақпарат WhatsApp чаттарында, одан кейін Тиктокта тарады. Мектеп директоры құқық бұзушының үстінен арыз жазды. Тексере келе бұл ақпарат жалған болып шықты. Сот шешімімен әйелге 10 АЕК – 36 920 теңге айыппұл салынды. Тағы бір қала тұрғыны осындай ақпаратпен бөлісті. Жалған ақпарат жариялағаны үшін Петропавл тұрғынына 73 840 теңге айыппұл салынды.

Тағы бір дерек – су тасқыны кезінде екі баланың қаза тапқаны туралы ақпарат. Оның авторы Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғыны. Полицейлер қызды тауып, жауапкершілікке тартты.

47 жастағы қала тұрғыны да әкімшілік ғимараттардың бірінің ауласында еріктілердің көлікке азық-түлік тиеп жатқанын түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

13 мамырда әлеуметтік желілерде 47 жастағы ер адам су тасқынынан келген шығынды бағалап, өз-өзіне қол жұмсады деген жазба жарияланған. Жалған ақпарат жариялағаны және таратқаны үшін 50 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік материал жиналды. Қысқартылған іс жүргізу нәтижесінде оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Тіпті жоғары су тартылған соң да полицейлер әлеуметтік желілерді бақылайды. Бұған дейін Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев әлеуметтік желіде тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырған болатын.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85