Ішкі істер министрлігі қазақстандық ата-аналарға үндеу жолдады

Аян Кайырбаев
18/05/2024 - 16:28

2024 жылдың басынан бері полицейлер есірткі таратуға қатысқан 19 кәмелетке толмаған баланы ұстады, деп хабарлайды sarbaz.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев жасөспірімдердің есірткіні сату немесе жарнамалаудың құқықтық салдары туралы хабардар болғанына қарамастан, бұл олардың тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысуына әрдайым кедергі бола бермейтінін түсіндіреді. 

Мерекелер қарсаңында Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының өміріне барынша араласуға шақырады, өйткені баланың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруда отбасының рөлі маңызды. Балаларыңыздың айналасын білуіңіз керек, олар пайдаланатын интернет ресурстарын бақылауыңыз керек, – деді Шыңғыс Әлекешев.


Жасөспірімнің заттарында кез-келген дәрі-дәрмектің қаптамасына, фольгаға, шыны түтіктерге, тамшуырларға назар аудару керек.

Мұның бәрі синтетикалық препараттарды қолдануға арналған құрылғылар ретінде қызмет ете алады. 

Егер жасөспірімнің оқу үлгерімі күрт төмендесе, сабаққа қатыспау саны көбейсе немесе олардың әлеуметтік ортасы өзгерсе, ата-аналар сақ болу керек. Сондай-ақ есірткіні қолданудың жанама белгілері агрессия, көңіл-күйдің өзгеруі, ашуланшақтық, летаргия және апатия болуы мүмкін. Үш немесе одан да көп факторлардың тіркесімі ғана баланың тәуекелге ұшырағанын көрсете алады. Ақшаның жұмсалуы немесе керісінше оның көп мөлшері алаңдатуы керек, – дейді Шыңғыс Әлекешев.
×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85