Оған Ұлттық қауіпсіздік, полиция, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, азаматтық қорғау күштері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылды
Оқу-жаттығуларда орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, күштік құрылымдар мен аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің өкілдері мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған іс-шараларды өткізу кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Оған Ұлттық қауіпсіздік, полиция, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, азаматтық қорғау күштері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылды.
Оқу-жаттығу барысында лауазымды тұлғалардың дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде басқару органдарын өрістетудегі іс-қимыл тәртібі пысықталды. Басқару органдарының, аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерін хабардар ету учаскесінің, әскери міндеттілерді алдын ала жинау және техниканы жинау пункттерінің жұмысы ұйымдастырылды. Бөлінетін кешенді күштер мен құралдардың жинақталуы, олардың материалдық және техникалық құралдармен қамтамасыз етілу мәселелері тексерілді.
Соңғы кезеңде аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің қатысуымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті. Бригада жеке құрамы стратегиялық объектіні күзетіп, қорғау іс-шараларына тартылды. Басқару органдары мен әскери қызметшілердің үйлестірілген іс-қимылдары шартты қарсыластың «диверсиялық тобынан» қорғанып, шабуылына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша штаб басшылығы лауазымды тұлғалардың, бөлімшелердің жеке құрамының іс-әрекеттеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, ұсынымдарды айтты.