Зеленский әскерді толтыру үшін түрмедегі қылмыскерлерді босатып жатыр

Украина президенті тұтқындарды мобилизациялау туралы заңға қол қойды

Аян Кайырбаев
18/05/2024 - 11:06

Ukraine Presidency/ZUMA Press/IMAGO

Ukraine Presidency/ZUMA Press/IMAGO

Украина президенті Владимир Зеленский жұма күні, 17 мамырда тұтқындарды мобилизациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлады dw.com сайты.

Құжатқа сәйкес, Украинадағы сотталғандар мен тұтқындардың кейбір санаттары әскери жағдай мерзіміне келісім-шарт бойынша өз еркімен әскерге өте алады. Бұл үшін олардың шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға құқығы болады. Дегенмен әскерге барлығы шақырылмайды, соңғы шешімді сот қабылдайды.

Украина Қорғаныс министрлігі жұмылдырылған тұтқындар арнайы жасақта қызмет ететінін түсіндірді. Оларды есепке алу үшін әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы және командирдің мұндай жауынгерлерді қабылдауға келісімі қажет.

Жазасын өтеп жатқан немесе ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар, екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру, жыныстық сипаттағы қылмыстар, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар әскер қатарына шақырылмайды.

Украина әділет министрінің орынбасары Елена Высоцкаяның айтуынша, әзірге 5 мыңға жуық тұтқын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу үшін әскери қызметке баруға дайын.

Өз кезегінде, Украина Әділет министрлігінің басшысы Денис Малюска BBC News-ке берген сұхбатында әскерге 10-20 мың тұтқынды жұмылдыруға болатынын айтқан болатын. 

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04