Премьер-министр Әлихан Смайылов биыл әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын екі есе арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.
Құжатта жазылғандай, биыл жалпы саны 635 запастағы офицер мына құрылымдардың қатарына шақырылады:
«Жобаның мақсаты – 2023 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын ұлғайту. Жобаны іске асыру қосымша бюджет шығынын талап етпейді және тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады», – делінген қаулының түсіндірме жазбасында.
Құжат 11 шілдеден бастап күшіне енеді.