Ресей Қорғаныс министрлігі ресейлік әскер 1 аптаның ішінде Харьков облысындағы 12 елді мекенді басып алды деп мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС сайты.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Борисовка, Бугроватка, Гатище, Глубокое, Красное, Лукянцы, Мороховец, Огурцово, Олейниково, Плетеневка, Пылная, Стречея ауылдары ресейліктердің қол астына өтті.
Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, ресейлік әскер алға жылжуды жалғастыруда.
Ресей президенті Владимир Путин жұма күні Ресейдің Харьковты басып алуды жоспарламағанын айтты.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский украиналық әскердің Харьков облысының солтүстігінде Ресей армиясының шабуылына байланысты жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізгенін айтқан.
Зеленский Ресей әскері 10 шақырым алға жылжығанын айтты.