Путин санитарлық аймақ құруға мүмкіндік бермегені үшін Украинаны айыптады

Ол Ресей әскері Харьков маңында қатаң жоспар бойынша алға жылжып жатқанын айтты

Sarbaz.kz редакторы
17/05/2024 - 17:51

Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков

Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков

Ресей президенті Владимир Путин өз әскерінің Украинаның Харьков облысындағы шабуылына түсініктеме берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Ресей әскері Харьков маңында қатаң түрде жоспар бойынша алға жылжып барады.

Путин Харьковке жасалған шабуыл үшін Украинаны айыптады. Себебі, Белгород қаласы шабуылға ұшырағандықтан, Ресей әскері санитарлық аймақ құрып жатыр.

Осыған дейін Украина президенті Владимир Зеленский ел әскерінің Харьковтың солтүстігінде Ресей шабуылына байланысты жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізгенін айтқан.

Зеленский Ресей әскерлері 10 шақырым жылжығанын айтты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91