Францияда синагогаға от қойған адамды полиция атып өлтірді

Оқиға Францияның солтүстігіндегі Руан қаласында болды

Sarbaz.kz редакторы
17/05/2024 - 14:57

Фото: Bild

Фото: Bild

Францияда полиция қызметкерлері синагогаға от қойған адамды атып өлтірді. Оқиға, елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Францияның солтүстігіндегі Руан қаласында болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрі Джеральд Дарманин ғимаратқа от қойғанын адамның өлтірілгенін айтып, тәртіп сақшыларына алғыс білдірді. Жергілікті тұрғындар хабар бергеннен кейін полиция оқиға орнына жеткен.

AFP ақпарат агенттігі өлтірілген ер адамның пышақпен және темір таяқпен қаруланғанын хабарлады. Ол синагогадан шығып, полиция қызметкерлеріне қарай бет алған. France 3 телеарнасы қылмыскерге кемінде бес рет оқ атылғанын айтты.

«Қаруланған ер адам қандай да бір жолмен синагогаға кіріп, негізгі құлшылық орнына «Молотов коктейлі» сияқты затты лақтырып жіберген, - деді Руан мэрі Николя Майер-Россиньоль.

Жергілікті билік өрттің тез сөндіріліп, синагога ішіндегілердің ешқайсысы зардап шекпегенін мәлімдеді. Шабуыл жасаушының кім екені және мақсаты әлі белгісіз.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04