Путиннің Қытайға сапарынан Ресей экономикасына пайда түскен жоқ – Bild

Путин мен Си Цзиньпин қандай құжаттарға қол қойды?

Sarbaz.kz редакторы
17/05/2024 - 12:24

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Экономист Сергей Алексашенко Ресей президенті Владимир Путиннің Қытайға сапарынан ел экономикасына еш пайда түспегенін мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Егер мән беріп қарасақ, Қытай Ресейде бірде-бір ірі инвестициялық жоба жүргізген жоқ. Қытай максимум сұйытылған табиғи газ бен мұнай жобаларындағы акцияларды сатып алуға келісуі мүмкін. Бұл тіпті оператор ретінде де емес акциялар», - деді ол.

Сергей Алексашенко мысал ретінде бүгін Путин мен Си Цзиньпин қол қойған құжаттарды келтірді:

«Біріншісі – бейбітшілік, достық, мәңгілік деген қорқынышты аты бар декларация. Екіншіден, біз бірлескен аймақ жасаймыз. Үшіншісі – Қытай билігінің Ресейден топинамбурды әкелуге рұқсат беруі. Міне, ең маңызды үш құжат. Осыдан кейін бұл тақырыпты ары қарай талқылаудың маңызы да жоқ», - деді экономист.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85