5,4 мыңнан астам адам эвакуацияланған орындардан кете алмай отыр
Өңірлерден келген ТЖМ құтқарушылары Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастырылуда. Құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте Петропавл қаласының Заречный кенті мен Подгора шағын ауданында 277 360 текше метр су сорылып, 29 жеке тұрғын үй мен 22 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Заречный кентінде еріген қар суын сору жұмыстары аяқталды. Қуатты су сору техникасын пайдалана отырып, Подгора шағын ауданында қалған су басқан екі жеке тұрғын үй мен 49 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізілуде. Квадрокоптермен елді мекендерге әуеден барлау жүргізілуде.
«Өткен тәулікте Атырау облысының Құлсары қаласында 46 739 текше метр су сорылды, 12 550 қапшық және 380 инертті материал төселді. Жайық өзені су деңгейінің сыни белгіден асуына байланысты Атырау қаласы мен Махамбет ауданында қосымша бөгеттерді нығайту жұмыстары, өзендегі су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 1 750 қапшық пен 215 тонна инертті материал төселді.
Республика бойынша 61 155 адам өз үйлеріне оралды. 5 443 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 21,6 млн еріген қар суы сорлып, 11 314 жеке тұрғын үй мен 3 573 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 7,9 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 797 адам, 938 техника, 344 су сору құралы және 66 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды», - делінген хабарламада.