Әскерге аттанған сарбаз бірер аптадан кейін омыртқасы сынып, үйіне оралды

Әкесінің айтуынша, қызметкерлер жас жігітті күштеп алып кеткен

Sarbaz.kz редакторы
17/05/2024 - 10:11

Фото: vm.edupressa.ru

Фото: vm.edupressa.ru

Әскерге аттанған сарбаз 1-топтағы мүгедек болып, борышын өтеп, Шымкенттегі үйіне оралды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Egov.Press Telegram арнасына сілтеме жасап.

Әкесінің айтуынша, қызметкерлер жас жігітті күштеп алып кетіп, көп ұзамай баласын әскерге жібермеу үшін ата-анасынан ақша бопсалауға кіріскен. Ал оны жертөледе ұстаған.

«Олар алдымен 700 мың, кейін 500 мың теңге талап етті», - дейді видеода.

Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, ақша табылмай, баласы әскерге аттанып, ол жерден мүгедек болып оралған. Сарбаз омыртқасын сындырып, 1-топтағы мүгедек болды.

«26 сәуір күні баламды әскери комиссариат ұстап алып кеткен. Баламнан ақша сұрап, бопсалаған. Жертөледе ұстаған. Оларда ақша бопсалайтын мамандары да бар, қазір мойындамай жатыр. Сау күйінде алып кетіп, мүгедек етіп шығарды. Ауруханадан анықтама алдым. Балам жүре алмайды, ешқандай көмек те берген жоқ. Келмейді де, хабар да алмайды. Енді баламды әскерден қашпақ болды дейді. Мұндай жағдай болмаған.

Бізде дәлелдер бар. Ақша сұраған. Келіншегімнен, ағасынан, достарынан сұраған. Телефонда бәрі бар», - дейді сарбаздың әкесі.

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Руслан Омаровтың айтуынша, құзырлы органдар бұл мәселені міндетті түрде қолға алады. Сонымен қатар, Омаровтың пікірінше, армия қоғамның айнасы және қоғамдағы қылмыс деңгейі өсіп келе жатқан болса, армиядағы қылмысқа таң қалудың қажеті жоқ.

«Бірнеше қызметкердің кесірі тәртіпке бағынушы ондаған мың офицерлерге, сержанттар мен сарбаздарға тиетіні қынжылтады», - деді Омаров.

Шымкент прокуратурасы оқиғаға байланысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

×

Редакция

$ 524.65  552.19  5.14