3 млрд теңге иемденген: қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам Грузиядан экстрадицияланды

2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды

Sarbaz.kz редакторы
17/05/2024 - 09:46

Фото: Telegram / Бас прокуратура / Видеодан скриншот

Фото: Telegram / Бас прокуратура / Видеодан скриншот

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны жәнебасқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында «Plus Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.

«Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.

2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», - делінген хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4