Ердоған: Израиль Газадан кейін Анадолыға көз тігеді

Түркия президенті ХАМАС-ты қолдайтынын айтты

Sarbaz.kz редакторы
16/05/2024 - 17:50

Фото: TRT

Фото: TRT

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Газадағы геноцидке қатысқандар төккен әрбір тамшы қан үшін жауап беретінін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі TRT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Ердоған өзі төрағасы болып саналатын Әділет және даму партиясының (АК партия) мәжілісіндегі топ жиналысында сөз сөйледі.

Израильдің Газада 7 айға созылған геноцидіне тағы бір рет нарзылық білдірген президент Ердоған мынадай пікірін білдірді:

«Нетаньяху мен геноцидке қатысқандар төгілген әрбір тамшы қан үшін жауап береді. Біз геноцидшілердің заң алдында жауап беруі үшін соңына түсеміз. Израиль Газада тоқтайды деп ойламаңыз. Егер бұл құтырған ел, бұл террор мемлекеті тоқтатылмаса, ерте ме, кеш пе, Анадолыға да көз тігеді», - деді.

Ердоған өз жерлерінің тәуелсіздігі үшін күресіп, Анадолыны да қорғаған Палестинаның тойтарыс қозғалысы ХАМАС-тың жанында болуды жалғастыратындарын айтты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91