Еуроодақ Ресейдің бірнеше басылымының жұмысына шектеу енгізді

Аты аталған БАҚ материалдарын ЕО аумағында кез келген тәсілмен таратуға тыйым салынады

Sarbaz.kz редакторы
16/05/2024 - 16:34

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Еуроодақ өкілдері ресейлік үгіт-насихатпен күрес аясында көршілес елдің үш басылымына тыйым салатын болды. Олар – үкіметтік «Российская газета», сонымен қатар үкімет құрамына кіретін «РИА Новости» агенттігі және «Известия» газеті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарладйы.

Бұл тыйым ресейшіл деп аталатын Прагада орналасқан «Еуропа дауысы» интернет-порталына да әсер етпек.

Аты аталған БАҚ материалдарын ЕО аумағында кез келген тәсілмен таратуға тыйым салынады.

Бұл басылымдарға қарсы шаралар Ресейге қарсы санкциялардың 14-ші пакетіне ресми түрде енгізіледі.

ЕО қазірдің өзінде оннан астам ірі ресейлік БАҚ материалдарын өз аумағында таратуға тыйым салған.

Мәскеу Брюссельдің жаңа қадамына қатысты пікір білдірді. Ресей сыртқы істер министрлігі Батыс тілшілері «жауап шараларын сезінуі керек» деді. Кремль Украинаға жаппай басып кіруді бастағаннан кейін шетелдік БАҚ қызметіне де тыйым салды немесе айтарлықтай шектеді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91