Өзбекстанда мектепке кіріп кеткен аюды полицейлер атып тастады

Әлеуметтік желіде видеосы жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
16/05/2024 - 15:27

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Өзбекстанда Сұрхандарияның Сарысий ауданында аю тұрғын үйлер мен мектеп аумағына кіріп, шабуыл жасады, салдарынан полиция қызметкері жарақат алды. Мектеп оқушыларының өміріне қауіп төнгендіктен жабайы аңды ату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Өзбекстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Сурхандария облысындағы тұрғын махаллада пайда болған аю туралы хабар тарады.

«Жабайы аң тұрғын үйлердің аумағына кіріп, адамдардың өміріне қауіп төндірді. Олар аюды залалсыздандыруға тырысқанмен, полицейлердің біріне шабуыл жасап, оны жарақаттады. Аю оқушылар болған №74 мектеп аумағына да кіріп кеткен.

Аю агрессивті болып, мектеп оқушыларының өміріне қауіп төндіргендіктен, жедел әрекет ету қажет болды. Нәтижесінде жыртқыш аң атылды. Аю шабуыл жасаған полиция қызметкері қазір медициналық тексеруден өтіп жатыр», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04