Жиһангез ақсақал виза мәселесіне байланысты дүние жүзін аралай алмайтын болды

Саяхатшы Гиннестің рекордтар кітабына тіркеліп, әлемдік рекорд орнатуды жоспарлаған

Sarbaz.kz редакторы
16/05/2024 - 14:39

Фото: QazaqGeography

Фото: QazaqGeography

Жиһангез ақсақал Сәрсенбай Қотырашев дүниежүзі бойынша жаяу саяхатының екінші кезеңіне шықпайтын болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ақсқал Sarbaz.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескен қысқаша сұхбатында Еуропаға сапардан бас тарту себебін виза мәселесіне байланысты деп түсіндірді. Виза алу үшін Германия мен Францияның консулдықтары елде болған әрбір күн үшін 100 еуро талап етеді.

Сәрсенбай Қотырашов былтыр танымал бола бастады. 2023 жылдың 2 тамызында Қазақстан – Ресей – Грузия – Түркия – Болгария – Сербия – Венгрия – Австрия – Германия – Франция – АҚШ – Қытай – Моңғолия – Ресей – Қазақстан бағыты бойынша әлемді жаяу саяхатын бастады.

Ыңғайлы болу үшін саяхат бірнеше кезеңге бөлінді. Бірінші кезең: Қазақстан-Ресей-Грузия-Түркия. Ақсақал бұл бөлімді 73 күнде қамтып, Қазақстанға оралды. Екінші кезең: Түркия-Франция-АҚШ. Үшінші кезең: АҚШ-Қытай-Моңғолия-Ресей-Қазақстан.

Саяхатшы Гиннестің рекордтар кітабына тіркеліп, әлемдік рекорд орнатуды жоспарлаған. 2022 жылы Сәрсенбай Қотырашов 6 айда Қазақстанның 17 облысын аралап, бүкіл елге танымал болды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91