Ресейлік БАҚ Елена Зеленскаяның Тамара Вучичпен кездесуін қатты сынға алды
Дүйсенбі күні Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Белградқа іссапармен барды. Онымен бірге елдің бірінші ханымы Елена Зеленская да барды. Ол Сербия президентінің жұбайы Тамара Вучичті көп жылдан бері білетінін айтты. Олар ел астанасын бірге аралап, мемлекет басшысымен әңгімелесті. Bild басылымының шолушысы Марк Оливер Рюле мұны «Путинге қарсы бірінші ханымның альянсы» және Мәскеуге «күшті сигнал» болды деп атады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі аталмыш басылымға сілтеме жасап хабарлайды.
Сапар қорытындысы бойынша Сербия билігі «халықаралық құқық пен БҰҰ-ның барлық мемлекеттерінің, оның ішінде Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейтінін» мәлімдеді.
«Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленскаяның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен берге Сербияға сапары екі ел үшін де маңызды. Бұл сапар көптеген бақылаушылардың Сербияны «кішкентай Ресей» деп атағанда қателесетінін тағы бір рет көрсетті. Екі ел де Еуроодақтың бір бөлігі болғысы келеді.
Ал ресейлік БАҚ Елена Зеленскаяның Тамара Вучичпен кездесуін қатты сынға алды. Сонымен қатар, серб халқы 1990 жылдардағы санкциялар мен эмбарголардың тәжірибесіне байланысты ЕО-ның Ресейге қарсы шектеу шараларына қарсы екені анық», - деді балқандық сарапшы Яков Девчич.