Неміс баспасөзінде түріктің ұшқышсыз ұшақтарына жан-жақты талдау жасалды
Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі даму қадамдары неміс баспасөзінде талқыланды. «Frankfurter Allgemeine» газеті Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің күшеюіне байланысты талдау жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.
Көптеген ел тарапынан түріктің ұшқышсыз әуе көліктеріне ерекше назар аударылып жатқанын жазған Андреас Михмның сараптамасында:
«Түрік қорғаныс өнеркәсібі бұрынғыдан да табысты. Түркия технологиялық, әскери және экономикалық жағынан державаға айналды», - делінген.
Мақалада автор «Bayraktar TB2» қарулы ұшқышсыз ұшағына да ерекше тоқталып өткен. Бұл техниканың әртүрлі салада сынақтан сүрінбей өткені баса айтылады.
Жан-жақты талдау мақаласында Түрік қорғаныс өнеркәсібінің тек ұшқышсыз әуе көліктерімен шектелмегені тілге тиек етіліп, Ыстамбұлда өткен Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесіне де назар аударылған.
«Жыл сайын шілде айының соңында сала мамандары көрмеде қару жағынан өздерінің қаншалықты қауқарлы екендіктерін көрсетеді. Бір армияға қажеттінің бәрі назарға ұсынылады», - делінген мақалада.
Сонымен қатар сараптамада биыл Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесіне 1 500 фирманың қатысқаны, оның 800-і шетелдік өнеркәсіп екені жазылған.