Қалаға жасалған әуе соққыларының видеосы жарияланды
Ресей әскері Украинаның Харьков облысындағы Волчанск қаласының солтүстігіне басып кірді. Шабуылдардың бірінде Ресей жергілікті балабақшалардың біріне соққы жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, қаланың орталығын Украина қарулы күштері ұстап тұр, ал ол жерде көшеде қақтығыс жүріп жатыр. Сейсенбі күні ресейлік «Дневник десантника» Telegram каналы қалаға жасалған әуе соққыларынан видео жариялап, «Волчанскіде Ресейдің әуе күштері жау позицияларына соққы жасады» деп жазды. «Дәл тиді, тура ішкі жағына» дейді кадрдағы дауыс.
Bild басылымының сарапшысы Джулиан Рёпкенің айтуынша, видеода түрлі-түске боялған балабақша ғимараты соққыға ұшырағаны анық көрінеді.
«Ресей авиациясы Волчанск орталығындағы №6 балабақшаны мақтанышпен бомбалады», - деп жазады ол.