Депутат еліміздегі әскери білім беру жағдайын жақсартуды ұсынды

Депутат өз сауалында бірқатар мәселені қозғады

Sarbaz.kz редакторы
15/05/2024 - 15:51

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза еліміздегі әскери білім беру жағдайын жақсартуды ұсынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Депутат өз сауалында мынадай мәселелерді қозғады:

  • Шымкент қаласындағы «Жас Ұлан» мектебін әскери колледжге айналдыруға қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру;
  • «Жас Ұлан» әскери колледждері мен мектептерінің оқытушылары үшін тегін біліктілікті арттыру курстарын енгізу;
  • Әскери колледж курсанттары үшін аралас кәсіптік біліктілік алу;
  • Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің қосалқы ғимараттарын салу үшін жер телімдерін сатып алуға қаражат іздеуді ұйымдастыру. Астана қаласы бойынша салынып жатқан колледж ғимараттарына жер телімдерін рәсімдеп, әскери колледж аумағында тұрғын үй кешендерінің салынуына жол бермеу.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5