Харьковтен тұрғындарды эвакуациялау жоспарда жоқ – қала мэрі

Қалада эвакуацияланғандарға қажетті азық-түлік жеткілікті

Sarbaz.kz редакторы
15/05/2024 - 16:16

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Украинада Харьков мэрі Игорь Терехов халықты қаладан көшіру жоспарда жоқ екенін, қайта қалаға соғыс жүріп жатқан елді мекендерден адамдар келетінін мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Әуе шабуылы туралы ескерту 8 сағаттан астам уақытқа созылды, бірақ біз түнді тыныштықта өткіздік. Күндіз тұрғын үйлерге қарата оқ атылды. Жау тұрғындарды қаланы тастап кету үшін қорқыту әдісін қолданып жатыр», - деп жазады «Украинская правда».

Дегенмен қазірдің өзінде қалаға 6 мыңнан астам адам келді. Олар жатақханаларға орналастырылды, өздерінің қорғалғанын сезіну үшін барлық жағдай жасалған.

Тереховтың айтуынша, қалада эвакуацияланғандарға қажетті азық-түлік жеткілікті, бірақ электрмен жабдықтауда қиындық бар.

«23 наурыздағы атқылаудан кейін жылу электр станциялары мен трансформаторлық қосалқы стансалары қирағаннан кейін электр қуатын өндіру тоқтады. Осыған байланысты кәсіпорындар үшін де, тұрғын үйлер үшін де жұмысты тоқтату кестесі жасалды. Жағдай шиеленісіп тұр», - деді ол.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5