ҚР Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығы: Ақтауда «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Ақтауда «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Sarbaz.kz редакторы
17/08/2023 - 17:26

Ақтауда Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына орай Мәңгілік алау ескерткішінде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Салтанатты жиынға Әскери-теңіз күштерінің ардагерлері, сарбаздары, сол сияқты тұңғыш қазақ ғарышкері, ұшқыш, ҚР Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қатысып, Мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Рәсім барысында іс-шараның басы бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталып, еліміздің Әнұранын орындаумен жалғасты.

«Қазақстанға 1992 жылы келгенмін. Камчатка жеріндегі атомдық сүңгуірлік қайық шығатын жерде қызмет етіп, еліме оралдым. Қорғаныс министрлігіне қарасты Қорғаныс өнеркәсібі басқармасында қызмет жолымды жалғастырдым. Әскери-теңіз күштері алғаш құрылған жылдары еңбек еттік. Жаңадан құрылғандықтан қиындықтары да жоқ емес еді. Қажетті техника жағынан да қиындықтар болатын. 1993 жылдың 2 сәуірі күні Әскери-теңіз күштерін құру туралы Президенттің Жарлығы шықты. Міне осыдан барып кеме жасау немесе кеме құрылысы бағдарламасын әзірледік. Оралда «Зенит» зауыты бар. Осы зауыттан өзімізге қажетті алғашқы қайықтар, кемелер жасалып шығарылды», - дейді бірінші дәрежелі капитан Марат Төлекбаев.

Ол сөзін жалғай отырып, Әскери-теңіз күштері құрылған алғашқы жылдары болған қиындықтар туралы қозғап өтті.

«Бәрі жаңадан құрылғаннан кейін түрлі қиындықтарға тап болдық. Ақтауға келген әскери қызметшілер үшін тұратын үй, жатақхана, жағдай бірден бола қойған жоқ. Еліміз қаржылай қиындықтың бел ортасында еді. Әскери қызметшілеріміз осының бәрінен өтті.

Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығы құтты болсын! Зейнет жасында болса да кейінгі буынға тәжірибесімен бөлісіп жүрген әскери қызметшілер бар. Бірге еңбек еткен қатарластарыма, бүгінде еңбек етіп жүрген әскери қызметшілерге зор денсаулық тілеймін! Аман болайық!» - деді Марат Төлекбаев.

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08