Зеленский майдандағы жағдайға байланысты Испанияға сапарын тоқтатты – BBC

Ол премьер-министр Педро Санчеспен кездесіп, қауіпсіздік туралы келісімге қол қоюы керек еді

Sarbaz.kz редакторы
15/05/2024 - 12:40

Фото: AFP / SCANPIX

Фото: AFP / SCANPIX

Украина президенті Владимир Зеленский майдан даласындағы жағдайға байланысты 17 мамырға жоспарланған Испанияға сапарын тоқтатты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей әскері Харьков облысына шабуыл жасағандықтан, Украина үшін майдандағы жағдай қиын болып тұр.

Зеленский Испанияға сапары барысында премьер-министр Педро Санчеспен кездесіп, қауіпсіздік туралы келісімге қол қоюы керек болатын. Украина президенті король VI Филиптің де қабылдауында болуы керек еді.

Испаниядан кейін Зеленскийдің Португалияға іссапары жоспарланған. CNN Portugal бұл сапардың да тоқтатылғанын жазады.

Киев Зеленскийдің Испания мен Португалияға сапарының тоқтатылуы туралы БАҚ-қа әлі түсініктеме берген жоқ.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5