Қазақстан жолдарында орташа және максималды жылдамдық енгізіледі

Орташа жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершіліктің жаңа түрі енгізілмейді

Sarbaz.kz редакторы
15/05/2024 - 11:16

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

Қазақтан автожолдарында орташа және максималды жылдамдық енгізіледі. Негізгі заңда «орташа жылдамдықты» енгізу мен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жылдамдықты шектеуді бақылаудың жаңа тәртібі көзделген. Ол аттестатталған бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары орнатылған жолдардың түзу учаскелерінде және қала сыртындағы айналма жолдар жоқ жерлерде автоматты түрде есептелетін болады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде республика бойынша 94 қондырғы орнатылған. Түзетулер мұндай жолдарда жүргізушілердің жылдамдықты азайтып, оның салдарынан болатын апаттардың санын азайтады.

Бұл ретте «орташа жылдамдықты» асырғаны үшін жауапкершіліктің жаңа түрі енгізілмейді. Қолданыстағы ӘҚБтК-нің 592-бабында белгіленген жылдамдықты 10-нан 20 км/сағ асырғаны үшін 10 АЕК айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.

Сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске көлік құралдарында белгіленген жылдамдықты 60 км/сағ және одан да асырғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Айта кетейік, Ұлттық стандартқа сәйкес орташа жылдамдық көлік құралы жүріп өткен республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары учаскесінің ұзындығын осы қашықтықты жүріп өткен уақыт кезеңіне бөлу арқылы анықталады.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5