Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымын арттыратын заң қабылданды

2030 жылға дейін екі ел арасындағы сауда айналымын 3 миллиард долларға жеткізу көзделіп отыр

Нұрдәулет Кәкіш
15/05/2024 - 11:06

Фото: kursiv

Фото: kursiv

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Министрлер кабинеті арасындағы «Қарасу» мен «Ақ-тілек» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің қызметін құру және реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Қырғызстан Президентінің Қазақстанға, Қазақстан Президентінің Қырғызстанға сапары барысында 2030 жылға дейін екі ел арасындағы сауда айналымын 3 миллиард долларға жеткізу, оның ішінде индустриалдық, сауда-логистикалық кешенін құру туралы уағдаласқан болатын. Өндірістік бөлігін алдыңғы жылы Астана қаласында кешен құру жөніндегі қызметін реттеу жөнінде үкіметаралық келісімге қол қойылды. Кешен «Қарасу» және «Ақ-тілек» өткізу пункттерінің маңайында орналасады. Кешен Жамбыл облысы Қордай ауданында өнеркәсіптік шикізаттық едәуір көлемін инфрақұрылымдық дамуына байланысты сүт, ет, тоқыма, формацевтика және басқа да өнім өндіру коперациялық жобаларды іске асырмақшы. Сондай-ақ кешенді құру Қырғыз Республикасымен сауда логистикалық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Кешен бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады. Үкіметаралық келісімнің 4-бабына сәйкес, индустриялық сауда-логистикалық кешен Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық белдеуінен тыс жерде орналасқан», – деді Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Қайрат Төребаев.

Оның сөзінше, биылғы наурызда және сәуірде Жамбыл облысының әкімдігі инвесторды іріктеу бойынша конкурс өткізген. Алайда инвестор әзірге іріктелмеген. Инвесторды іріктеу алда әлі де жалғасады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85