Блинкен: АҚШ-тың Украинаға көмегі жолда келе жатыр

АҚШ-тың мемхатшысы Украинаға іссапармен барды

Sarbaz.kz редакторы
15/05/2024 - 10:07

Фото: Euronews

Фото: Euronews

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевке сапарында америкалық әскери көмек жолда келе жатқанын мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Украина президенті Владимир Зеленский Энтони Блинкенге АҚШ-тың әскери көмегі мен авиациялық қолдауы мүмкіндігінше тезірек жеткізілуі керек екенін айтты. Блинкен Киевке Ресей армиясы елдің солтүстік-шығысына жаңа шабуылын бастаған кезде қорғаныс мәселелерін талқылау үшін келді.

«Бүгін мен сізбен өте маңызды деген мәселелер туралы әңгімелескім келеді. Біріншіден, әскери көмек пакеті туралы шешім біз үшін маңызды болды, енді оны мүмкіндігінше тезірек алуымыз керек. Ал екінші мәселе, Харьков үшін бізге екі «Патриот» қажет», – деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Бұл сапар АҚШ Конгресінің Украинаға көптен күткен 60 миллиард долларлық көмек пакетін мақұлдағаннан кейін бір айға жетер-жетпес уақытта жасалды.

«Біз қазір қиын уақыт екенін білеміз. Көмек жуырда жеткізілетінін айтқым келеді. Оның бір бөлігі қазірдің өзінде келді. Бұл көмек Ресейдегі агрессияға қарсы күресте ұрыс алаңында оң өзгеріс әкеледі», – деді Энтони Блинкен.

Киевте Бликкен сондай-ақ Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездесіп, әуе қорғанысын күшейту, сол сияқты энергетикалық нысандарды қорғау қажеттігін айтты. Кездесудің тағы бір тақырыбы ресейлік активтерді тәркілеу мәселесі болды.

×

Редакция

$ 443.16  480.39  4.94