Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екі жылға сотталды

Жоғарғы сот үкімді өзгертті

Sarbaz.kz редакторы
14/05/2024 - 16:45

Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.

Жоғарғы сот өткен күзде екі адвокатқа шабуыл жасағаны үшін айыппұлмен құтылған Нұрасыл Болаттың үкімін өзгертті. Сот айыппұлды екі жылға бас бостандығын шектеумен ауыстырды.

Нұрасыл Болат осыған дейін Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімі бойынша жәбірленушілерге моральдық шығын үшін 500 мың теңге төлеуі тиіс болса, енді 1 миллион теңге белгіленжі.

Айта кетейік, 2023 жылдың ақпан айында сол кездегі әскери қызметші Нұрасыл Болат еңбек демалысында Алматыға аттанған болатын. Түнгі клубта мас күйінде ол жәбірленушілерге – екі адвокат Анна Димитриевич пен оның күйеуі Олег Черновқа шабуыл жасаған.

Осыдан кейін Алматы гарнизоны әскери соты Нұрасыл Болатты екі адвокаттың денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, оған 500 АЕК (1,7 млн ​​теңге) көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар, сот екі жәбірленушіге моральдық шығын үшін әрқайсысына 500 мың теңге төлеу туралы шешім шығарған.

Сонымен қатар, 2023 жылдың шілде айында Нұрасыл Болат өзі қызмет еткен әскери бөлімнен қашып кеткені анықталды. Келесі күні ол табылды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85