Терроризм туралы әзілдеген: оқушының ата-анасына 18,5 млн теңге айыппұл салынды

Ата-анасына 5 мың АЕК айыппұл салынды

Sarbaz.kz редакторы
14/05/2024 - 15:39

Фото: EMS Productions/Getty Images

Фото: EMS Productions/Getty Images

Терроризм туралы қалжыңдаған баланың ата-анасы 5 мың АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды. 8-сынып оқушысы сыныптасының телефонынан 102 пультіне қоңырау шалып, лаңкестік әрекет туралы айтқан, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҚР Терроризмге қарсы орталығына сілтеме жасап.

1 АЕК = 3 692 теңге.

3 692 * 5 000 = 18 460 000 теңге.

«Аталған факті бойынша жалған хабарлама белгілерінің болуын ескере отырып, полиция қызметкерлері аты-жөні белгісіз тұлғаны анықтау мақсатында бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді», - делінген хабарламада.

Абоненттік нөмірді пайдаланушы Ақмола облысындағы аудан мектептерінің бірінің 8-сынып оқушысы болып шықты. Бірақ телефоннан өзі емес, оның сыныптасы хабарласқан болып шықты.

Кәмелетке толмаған баланың іс-әрекетінің нәтижесінде ҚР ҚК 273-бабына сәйкес баланың ата-аналарына (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) балаларды тәрбиелеу жөнінде тиісті шаралар қолданбағаны үшін 5000 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94