Еліміздегі су тасқыны ТЖМ-ның кез-келген қауіпке дайын екенін көрсетіп жатыр – министр

5360 адам әлі күнге дейін уақытша орналасу пункттерін паналап отыр

Sarbaz.kz редакторы
14/05/2024 - 11:58

Фото: tobolinfo.kz

Фото: tobolinfo.kz

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ведомствоның табиғи апаттарға сақадай сай екенін мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, әр өңірде ірі өрттермен күресу үшін жалпы саны республика бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техникадан тұратын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды. Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

ТЖ министрлігі азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайтын болады.

«Қазіргі таңда елімізде болып жатқан су тасқыны ТЖМ-ның кез-келген қауіп-қатерлерге дайын екендігін көрсетіп жатыр. Дәл осы режимде өрт қауіпті кезеңде барлық қажетті іс-шаралар ұйымдастырылатын болады», - деп ТЖМ басшысы ақпараттандырды.

Айта кетейік, еліміздің бірқатар өңірінде көктемгі еріген қар суы су тасқынына ұласып, мыңдаған үй су астында қалды. Министрлік таратқан соңғы мәлімет бойынша 5360 адам әлі күнге дейін үйіне орала алмай отыр.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85