Зеленскийдің әйелі Сербия президентімен кездесті

Зеленская Сербияға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Sarbaz.kz редакторы
14/05/2024 - 10:40

Фото: president.gov.ua

Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленская Сербияға сапарында ел президенті Александр Вучичпен және оның жұбайы Тамарамен кездесті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Елена Зеленская Сербияның Ресеймен соғыс басталғаннан бері Украинаға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Сербия 2200 украиналықты паналатып, гуманитарлық мақсатта қаржылай көмек көрсетті, Харьков пен Черкасск жедел медициналық көмек көрсету орталықтарына жедел жәрдем көліктерін берді», - деп хабарлады Украина президентінің баспасөз қызметі.

Зеленская сонымен қатар Тамара Вучичке Белградта ментальды денсаулық конференциясын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91