АҚШ-тың мемхатшысы Украинаға күтпеген жерден іссапармен барды

Ол жақын арада Владимир Зеленскиймен кездесуі тиіс

Sarbaz.kz редакторы
14/05/2024 - 09:29

Фото: AFP

Фото: AFP

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сейсенбі күні таңертең Киевке хабарланбаған сапармен келді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Блинкен Украинаға Польша арқылы түнгі пойызбен келген және жақын арада Владимир Зеленскиймен кездесуі тиіс.

«Ең алдымен, бұл сапар шығыс майдандағы шайқастардың және Ресей әскерінің Харьков облысындағы шекаралық шабуылдарды кеңейтуіне байланысты өте қиын жағдайда тұрған украиналықтарға нақты хабарлама жіберуге бағытталған», - деді журналистерге аты-жөнін атамауды сұраған АҚШ делегациясының жоғары лауазымды мүшесі.

Бұл Блинкеннің Ресейдің жаппай басып кіруі басталғалы бері Киевке төртінші рет келуі.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5