Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты

Қанды оқиға 2023 жылдың 9 қарашасында болған

Sarbaz.kz редакторы
13/05/2024 - 17:16

Коллаж: Sarbaz.kz / Жанель Абуева

Коллаж: Sarbaz.kz / Жанель Абуева

Қуандық Бишімбаевқа азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жыл берілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Үкімді судья Айжан Құлбаева шығарды. Бишімбаевқа ҚР ҚК 110 («азаптау») және ҚР ҚК 99 («аса қатыгездікпен өлтіру») екі бабы бойынша айып тағылды. ҚР ҚК 99-бабы 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.

Судья ҚР ҚК 110-бабы бойынша – 7 жыл, ал ҚР ҚК 99-бабы бойынша 20 жыл мерзім белгіледі. Жалпы, Бишімбаевқа максималды қауіпсіздік мекемесінде 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2023 жылдың 9 қарашасында ұсталған. Ол кісі өлтіру бойынша жалғыз күдікті. Тергеу мәліметтері бойынша, Бишімбаевқа тиесілі BAU мейрамханасында Бишімбаев пен оның азаматтық әйелі Салтанат Нүкенова арасында жанжал болған. Нүкенова жедел субдуральды гематомадан және миға қан кетуден қайтыс болды.

Сәуірде экс-министр Нукенованы өлтіргені үшін кінәні мойындады, бірақ азаптау мен ерекше қатыгездікті жоққа шығарды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91