Польша Беларусьпен шекараны күшейту үшін 343 млн еуро бөледі

Оған заңсыз мигранттар ағынының күрт артуы себеп болды

Sarbaz.kz редакторы
13/05/2024 - 15:53

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Польша Беларусьпен шекарадағы қоршауды «өтпейтін» етіп жаңартуға 343 миллион еуродан астам қаражат бөледі, деп мәлімдеді Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Цезарий Томчик. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қоршауды жаңғыртуға шамамен 1,5 миллиард злотый жұмсалады, қоршаудың өз рөлін атқаруы үшін дәл осыншама қаражат бөлу керек», - деді Цезарий Томчик

Қазір жергілікті инженерлер мен Силезия технологиялық университетінің бір топ қызметкері жаңғырту жобасымен айналысып жатыр.

Томчиктің айтуынша, қазіргі қоршау заңсыз мигранттардың жолын кесуде тиімді емес. Мигранттар қоршауды қарапайым домкрат арқылы беларусь қызметтерінің көмегімен көтеріп тастай алады.

Сенбі күні премьер-министр Дональд Туск Польша-Беларусь шекарасына барды. Бұл BYPOL Беларусь қауіпсіздік қызметі мигранттарды серпіліске дайындап жатыр деп ескерткеннен кейін болды. Олардың айтуынша, қазір жүздеген шетелдікті шекараға жасырын әкеліп жатыр.

2022 жылы Польша Беларусьпен шекарада биіктігі 5,5 метр, ұзындығы 186 шақырым болатын дуал тұрғызды. Оған Таяу Шығыстан мигранттар ағынының күрт артуы себеп болды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91