Алексей Навальныйға Дрезден бейбітшілік сыйлығы берілді

Сыйлықты Юлия Навальная алды

Sarbaz.kz редакторы
13/05/2024 - 15:15

Фото: AP Photo / Pavel Golovkin

Фото: AP Photo / Pavel Golovkin

Ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальныйға Дрезден бейбітшілік сыйлығы берілді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыйлықты оппозиция жетекшісінің жесірі Юлия Навальная алды. Бұл сыйлық Навальныйдың бостандық, демократия және бейбітшілік жолындағы адалдығын құрметтеуге арналған.

2010 жылдан бері бұл сыйлық бейбітшілік пен халықаралық жағдайға ерекше үлес қосқан тұлғаларға беріліп келеді.

Дрезден сыйлығының бұрынғы лауреаттары арасында бұрынғы Кеңес Одағы президенті Михаил Горбачев, пианист және дирижер Дэниел Баренбойм, әскери фотограф Джеймс Нахтвей және сәулетші Дэниел Либескинд бар.

Айта кетейік, Алексей Навальный 16 ақпан күні түрмеде көз жұмды.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4