Сергей Шойгудың орнына РФ қорғаныс министрі болуы мүмкін Андрей Белоусов кім?

Белоусов – бұған дейін Кремльдің мүддесіне жұмыс істеп, Владимир Путинге жақын жүрген шенеуніктің бірі 

Нұрдәулет Кәкіш
13/05/2024 - 14:03

Фото: РБК

Фото: РБК

Андрей Белоусов – негізінен экономист. Бұған дейін оның армиямен, жалпы қорғаныс саласымен, әскери стратегиямен байланысы болмаған. Ол ғұмырының көп бөлігін мемлекеттік қызметте өткізіп, соның ішінде экономика мәселелерімен айналысқан. Бұл туралы толығырақ Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белоусов экономикалық блоктың көптеген басқа өкілдерінен айырмашылығы – ол либералды көзқарастағы адам емес. Ол экономиканы қатаң реттеуді жақтайтындар қатарынан. Мысалы, ол бизнесті емес, ең алдымен мемлекеттің мүддесін қорғайтын адам. The Bell басылымының (Ресейде «иноагент» деп танылған) мәліметінше, ол бұған дейін металлургтерден «артық пайда» алуға тырысқан. 2021 жылы оларды мемлекеттен 100 миллиард рубль ақша жымқырды деп айыптаған.

Бұл оның бизнестен ақша алудың екінші әрекеті болған-мыс. Оған дейін 2018 жылы президенттің көмекшісі болған Белоусовтың ұсыныстары қор нарығын құлдыратып, Үкімет пен бизнес бірнеше айбойы келіссөздер жүргізген.

Экономистер 2020 жылы Белоусовтың үкіметке тағайындалуын оның ұлттық жобаларға, соның ішінде Путиннің 2018 жылғы сайлауалды уәделеріне жауап беруі керек деп түсіндірді. Алайда сайлауалды бағдарламаларының жүзеге асырылуы бәсең жүргізілген. Қазіргі таңда ол бағдарламалардың аса маңыздылығы болмай қалған.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Белоусовтың тағайындалуына қатысты түсініктеме берді.

Оның сөзінше, қорғаныс және күштер блогының бюджеті жақында 3 пайызға жетті, содан кейін ол 3,4 пайызға дейін өсіп, соңғы уақытта 6,7 пайызға дейін ұлғайды. Бұл барлық күштік ведомстволармен бірге, соның ішінде қорғаныс министрлігі негізгі позицияларды иеленетіні анық. Өйткені өнеркәсіптегі барлық тапсырыстарды орындауға жауапты қорғаныс министрлігі.

Песковтың айтуынша, Қарулы күштер блогына жұмсалатын шығындардың үлесі одан әрі өседі.

Белоусов – бұған дейін мемлекеттің мүддесіне жұмыс істеп, Владимир Путинге жақын жүрген шенеуніктің бірі. Сыбайлас жемқорлық пен ұрлыққа қатысты ұсталмаған, ол жағынан аты таза. Сондықтан да сарапшылар елдің қазіргі билігі үшін ақша ағындарын бақылайтын және басқаратын адам ретінде Белоусовтың бұл лауазымға жақсы үміткер болуы мүмкін деп санайды. Оның үстіне, оның ағасы соғысқа қатысушылардың кірістерімен не істеу керектігі туралы бірнеше идея ұсынған деседі.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85