Ол 355 мыңнан астам ресейлік әскери қаза болғанын айтты
Ұлыбританияның қорғаныс министрі Грант Шаппс Ресей қорғаныс министрлігі басшысының ауысуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шаппстың айтуынша, Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгу «өз сарбаздары арасындағы 355 мыңнан астам қазаға және бейбіт тұрғындардың жаппай зардап шегуіне» жауапты.
«Ресейге осы апатты «мұраны» жеңіп, соғысты тоқтататын қорғаныс хатшысы қажет», - деп қосты Шаппс.
Литва президенті Гитанас Науседа өз кезегінде Сергей Шойгудың отставкаға кетуін ресейлік қоғамға берілген белгі деп есептеді.
«Бұл ішкі аудитория үшін жасалған. Сол сияқты соғысты жалғастыру үшін жасалып отыр. Путин бейбіт келіссөздерге дайын деген елестен арылайық. Украинаны қолдаудан басқа соғысты тоқтатудың жолы жоқ. Ең бастысы, мұны тез орындау қажет», - деді Науседа.