Су тасқыны болған өңірлердегі соңғы мәліметтер жарияланды

5 291 адам әлі күнге дейін эвакуациялау пунктерін паналап отыр

Sarbaz.kz редакторы
13/05/2024 - 11:56

Фото: Telegram / ҚР ТЖМ / видеодан скриншот

Фото: Telegram / ҚР ТЖМ / видеодан скриншот

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Министрлік мәліметінше, республика бойынша 54 755 адам өз үйіне оралды. Ал 5 291 адам, оның ішінде 2 239 бала әлі күнге дейін эвакуациялау пунктерін паналап отыр.

«11 205 тұрғын үй мен 3 516 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 19,3 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,8 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85