ISW: Ресейдің қорғаныс министрлігіндегі өзгерістер – ұзаққа созылатын соғысқа дайындықтың белгісі

Владимир Путин қорғаныс министрі қауіпсіздік кеңесінің хатшысын қызметінен босатты

Sarbaz.kz редакторы
13/05/2024 - 10:37

Коллаж: Sarbaz.kz / Жанель Абуева

Коллаж: Sarbaz.kz / Жанель Абуева

Ресейдің қорғаныс министрлігіндегі өзгерістер және Сергей Шойгуды Андрей Белоусовпен алмастыру Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы ұзаққа созылатын соғысқа және болашақта НАТО-мен қақтығысқа дайындалу үшін қадамдар жасап жатқанын білдіреді, деп мәлімдеді Америкалық соғысты зерттеу институты (ISW). Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белоусовтың қорғаныс министрі болып тағайындалуы ұзаққа созылған қақтығыстар үшін экономикалық жағдайды жасаудағы маңызды оқиға, дейді сарапшылар. Белоусовтың әскери тәжірибесі жоқ, бірақ мұны қиындық деп атауға болмайды. Шойгудың да әскерде тәжірибесі болмаған.

Белоусовтың экономикалық даму министрі ретінде он жылға жуық жұмыс істеуі және түрлі инновациялық жобаларды, әсіресе ұшқышсыз ұшақтарды әзірлеуі оны Шойгу тұсында сыбайлас жемқорлық бойынша қатаң сынға ұшыраған ведомствоны басқаруға дайындады.

Белоусовтың тиімді технократ ретінде беделі жоғары және ақпарат көздері оның Путинмен жақсы қарым-қатынаста екенін хабарлайды.

Путин Белоусовтың тәжірибесін әскери және экономикалық саясатты біріктіру үшін пайдаланбақшы. Бұл әрекеттер Кремльдің Украинадағы ұзаққа созылатын соғысқа дайындықты жалғастырып жатқанын көрсетеді, деп қорытындылады ISW.

Айта кетейік, Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевті қызметінен босатты.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94