Атырау облысы су тасқынының шарықтау шегіне дайын ба?

Су тасқынының шарықтау шегі шамамен 4-5 күннен кейін болуы мүмкін

Sarbaz.kz редакторы
13/05/2024 - 09:43

Фото: Primeminister.kz

Фото: Primeminister.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау қаласындағы су тасқынына қарсы құрылыстарды тексеріп, екі су арнасының жұмысымен танысты. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тексерілген алғашқы нысан 32 шақырымға созылған «Соколок» арнасы болды, ол Жайық өзенінің үлкен су ағысын Атырауға қарай бағыттауға арналған. «Соколок» қаланы айналып өтіп, Жайық пен Каспий теңізін қосады және секундына 100 текше метр су қабылдай алады. Сондай-ақ вице-премьер ұзындығы 24 шақырым болатын жаңа арнаның жұмысын тексерді.

Бұдан әрі Қанат Бозымбаев тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған қаладағы қауіпті учаскелерге барды. Атырауды қорғайтын бөгеттердің жалпы ұзындығы – 252 км.

12 мамырда қаладағы су деңгейі 1 см-ге көтеріліп, 539 см-ге жетті, шектік белгі – 550 см. Атырауда су тасқынының шарықтау шегі шамамен 4-5 күннен кейін болады деп болжанып отыр. Осыған байланысты вице-премьер жағалаудың су шайып кететін жерлерінде бөгеттерді нығайтуды, атап айтқанда оларды геотекстильдермен және бетон блоктармен нығайтуды тапсырды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91