Алматы облысында жүк көлігі аялдамада тұрған адамдарды басып өлтірді

Аян Кайырбаев
12/05/2024 - 14:46

Алматы облысында полицейлерден жасырынған жүк көлігі аялдамада тұрған адамдарды басып өлтірді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Алматы-Жетіген тас жолының 32 шақырымында жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам жылдамдықпен автобус аялдамасына кіріп кеткен. Оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды, үш адам түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

12 мамырға қараған түні полиция қызметкерлері ЗИЛ-131 жүк көлігін тексеру үшін тоқтатпақ болғанда, ол қашып кетпек болған. 

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша құқық бұзушы көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарған, – делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны атап өтілді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85