Қостанай облысында полицейді өз үйінің ауласында өлтіріп кеткен

Ол криминалист болып жұмыс істеген

Аян Кайырбаев
12/05/2024 - 09:38

Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында полицейдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өз үйінің ауласынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Белгілі болғандай, марқұм криминалист болып жұмыс істеп, еңбек демалысында болған. 

«Аса ауыр қылмысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Қазір қылмыскерді ұстау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады полиция.
×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85